27 қазан күні «Бауырластар» тұрғын ауданында 13 жастағы жасөспірім әкесінің көлігін рұқсатсыз мініп, жол апатына түскен, деп хабарлайды turkystan.kz сайты «Диапазон» басылымына сілтеме жасап.
Оқушы ауыл ішінде көлікті жүргізіп келе жатып, басқаруды игере алмай, көлікті жол жиегіндегі орға аударып жіберген. Бала түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілген, алайда дәрігерлердің барлық талпынысына қарамастан, ол көз жұмды.
Ақтөбе облыстық полиция департаментінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
– Полиция оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр және ата-аналарды кәмелетке толмаған балаларға көлік басқаруға жол бермеуге шақырады. Мұндай салғырттық қайғылы жағдайларға әкеледі, – делінген хабарламада.