Ақтөбе облысында жантүршігерлік жол апаты болды

/
Ақтөбе облысында жантүршігерлік жол апаты болды
Фото: diapazon.kz

Ақтөбе облысындағы тас жолда адам өлімімен аяқталған жол-көлік оқиғасы болды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Ақтөбе облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі апат 27 қазан күні сағат 20:00-де болғанын хабарлады.

«1984 жылы туған әйел жүргізуші Lada Granta көлігімен Шұбарқұдық – Ырғыз – Қобда – Соль-Илецк автожолында келе жатып, көлікті аударып алған. Жол-көлік оқиғасы салдарынан 1974 жылы туған жолаушы алған жарақаттарынан оқиға орнында қаза тапты», – деп мәлімдеді полиция.

Ал жүргізушінің өзі мен 1995 және 2015 жылы туған жолаушылар ауруханаға жеткізілді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары