Продюсер Баян Алагөзоваға «Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері» атағын берілді, деп хабарлайды turkystan.kz.
«Достар! Баршаңызды Республика күнімен құттықтаймын! Бүгін менің анамның арманы орындалды, мен Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері атандым! Мен бұл марапатты Мәдениет және ақпарат министрі Аида Ғалымқызы Балаеваның қолынан алдым. Бұл – жоғары мәртебе және үлкен жауапкершілік! Отаныма қызмет етемін!», – деп жазды жеке парақшасында.