Маңғыстауда оқушы қыздардың төбелескен тағы бір төбелескен видеосы тарады

/
Маңғыстауда оқушы қыздардың төбелескен тағы бір төбелескен видеосы тарады
istockphoto.com

Маңғыстау облысында жасөспірім қыздардың қатысуымен болған көшедегі төбелесі видеоға түсіп, әлеуметтік желіде тарады. Төбелестің нақты себебі әзірге белгісіз, деп хабарлайды turkystan.kz.

Полицияның мәліметінше, оқиға 18 қазанда Жаңаөзен қаласында болған. Құқық қорғау органдары төбелеске қатысқан тұлғаларды анықтап, оларды ата-аналарымен бірге полиция бөліміне жеткізді.

Кәмелетке толмағандардың заңды өкілдері ҚР ӘҚБтК-нің 127-бабы бойынша – балаларды тәрбиелеу және оқыту жөніндегі міндеттерін орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оларға 10 АЕК (3 932 теңге) мөлшерінде айыппұл салынды.

Материал кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі комиссияға жолданып, жасөспірімдер профилактикалық есепке алынды.

Полицияның хабарлауынша, бұған дейін де Мұнайлы ауданында осындай төбелестің видеосы әлеуметтік желіде тараған еді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары