Астанадан Бішкек пен Самарқандқа жаңа әуе рейсі іске қосылады

/
Астанадан Бішкек пен Самарқандқа жаңа әуе рейсі іске қосылады
istockphoto.com

Qazaq Air (Vietjet Qazaqstan) әуе компаниясы Астанадан Бішкек пен Самарқандтқа тікелей екі жаңа халықаралық рейс ашады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Орталық Азиядағы бағыттарын кеңейту бастамасы Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың түркі елдері арасындағы байланыстарды дамыту арқылы туризмді, сауданы, білім беру мен мәдени ынтымақтастықты күшейту жөніндегі стратегиялық бастамасымен үндес келеді.

2025 жылғы 7 қарашадан бастап Астана – Самарқанд – Астана бағыты бойынша (аптасына 2 рет – жұма және жексенбі), ал 10 қарашадан бастап Астана – Бішкек – Астана (аптасына 2 рет – дүйсенбі және бейсенбі) бағыты бойынша тікелей рейстерді орындалады.

Астанадағы хаб арқылы әуе компаниясы жолаушыларға Бішкекке, Самарқандқа, Омбы мен Новосібірге, сондай-ақ Қазақстанның түрлі өңірлеріне ыңғайлы рейстерді ұсынады.

Жаңа әуе бағыттар аймақтың іскерлік, туристік және мәдени байланыстарын дамытуға мүмкіндік беретін болады.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары