16 еркек 18 жастағы жігітке жабылған: Жәбірленушінің анасы тың деректерді айтты (ВИДЕО)

/
16 еркек 18 жастағы жігітке жабылған: Жәбірленушінің анасы тың деректерді айтты (ВИДЕО)
видеодан скриншот

Алматыда бір топ ер адамнан таяқ жеген жігіттің анасы оқиғаның мән-жайын айтты, деп хабарлайды turkystan.kz.

КТК телеарнасының мәліметінше, Медицина университетінің студенті басынан ауыр жарақат алған.

Жәбірленушінің анасы Ақмаржан Ботбаеваның айтуынша, ұлы достарымен бірге кафеде демалып отырған. Оған 15-16 адам жабылған. Мұрыны сынған. Қазір нейрохирургияда жатыр. Беті мен мұрнына ота жасау қажет.

Күдіктілер ешқайда шықпау туралы қолхатпен босатылған. Егер олардың кінәсі дәлелденсе бес жылға дейін бас бостандықтарынан айырылуы мүмкін.

 

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары