Қазақ баласы халықаралық беделді ұйымның президенті болып сайланды

Қазақ баласы халықаралық беделді ұйымның президенті болып сайланды

Серікбол Сайран Халықаралық молибден ассоциациясының (International Molybdenum Association, IMOA) президенті болып сайланды. Бұл туралы журналист Алтынбек Құмырзақұлы хабарлады.

Ол өз өкілетін қыркүйекте өткен IMOA-ның жылдық Бас ассамблея отырысы (AGM) аяқталған сәтте ресми бастады. Жаңа Президент екі жылдық мерзімін аяқтаған Хосе Пересті (Codelco) алмастырды.

Серікбол бұған дейін Rio Tinto Group компаниясында басқарушылық қызмет атқарған.

Rio Tinto Group – әлемдегі үшінші ірі трансұлттық тау-кен-металлургиялық компаниясы, Аустралия және Ұлыбританияның жетекші компанияларының бірі.

IMOA – молибден саласының жаһандық қауымдастығы. Серікбол алдағы уақытта IMOA-ның нарық дамуы, стандарттар мен қауіпсіздік-экология, ғылыми-білім және салааралық ынтымақтастыққа жетекшілік етеді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары