«Әрбір жаңа қабілет біздің балалар үшін үлкен еңбектен келеді. Бірақ жаттықтырушы әркімге жекелей жол табады, біз баланың дамып жатқанын көреміз. Бұл жоба біздің отбасылар үшін бақытты мүмкіндік» — Шымкенттен қатысушының анасы Динара Төлеғенова.
«Бұрын балаларымызды далада ойнауға шақырмайтын, тек доп әкеліп беруші болатын. Қазір менің ұлым — толық құқылы ойыншы. Ол сыртта емес — алаңда. Бұл — шынайы инклюзия. Бұл — бақыт» — Петропавл қаласынан қатысушының әкесі Владимир Янчевский.
«Ұлым бұрын жаттығуда жылаушы болатын — қалай гол соғуды түсінбейтін. Енді өзі соғады, үйде матчтарды қуанышпен тамашалайды. Достар тапты, сөйлесуді үйренді, өз бетімен әрекет етуге дағдыланды. Бұл шынайы әлеуметтену» — Өскемен қаласынан қатысушының анасы Елена Чернякова.
2025 жылғы 12 қазанда «Астана Арена» стадионында UNI Football League жобасының құрамындағы командалар арасында елімізде бірінші инклюзивті футбол турнирі өтті. Турнирге Аутизм, Дауна синдромы, ДЦП және басқа даму ерекшеліктері бар 95 бала мен жасөспірім қатысты, олар Қазақстанның 10 қаласынан келген: Астана, Алматы, Шымкент, Атырау, Ақтөбе, Семей, Қарағанды, Петропавл, Тараз және Өскемен.
Ойындар 5+1 форматында өтті, матчтар уақыты — әрқайсысы 15 минут. Жеңімпаздар анықталған жоқ — барлық қатысушылар медальдар мен естелік сыйлықтар алды, өйткені турнирдің басты мақсаты — жарыс емес, қолдау, инклюзия және ойнаудан қуаныш алу. Жас футболшылардың ата-аналары жоба серіктестері мен демеушілерімен кездесті және оларға алғыс білдірді.
Турнир ерекше футболшыларды, олардың ата-аналарын, жаттықтырушыларды, волонтерларды, демеушілер мен БАҚ өкілдерін біріктірді. UNI Football League — теңдікке, қолжетімділікке және үмітке салынған еңбек. Жобаға жасалған әрбір инвестиция — бақытты балалық, сенімді болашақ және мықты қоғам құруға бағытталған. UNI Football League жай ғана секция емес — ерекшелігі бар балалар команда мен қоғамның бір бөлігі ретінде өзін сезінетін шынайы қауымдастық.
«Екі жыл бұрын мен, Чингис Темерхановпен бірге — Қазақстанның футбол федерациясындағы әлеуметтік жобалардың кураторы, Blind және ЦП футболының негізін қалаушы, ерекшелігі бар балаларға әлеуметтену үшін тағы бір мүмкіндік сыйлау мақсатында бұл жобаны бастаған едік. Сол кезде көптеген ата аналар балаларының футбол алаңына шығатынын, гол соғатынын, командамен ойнайтынын елестете де алмайтын. Бұл мүмкін емес көрінген. Ал бүгін, еліміздің басты спорт аренасында біз ондай балдардың шамамен 100 ге жуық жиналғанын көрдік, футбол олардың өмірінің ажырамас бөлігіне айналды — бүкіл Қазақстандағы жүздеген отбасының қуаныш, мақтаныш және бақытының көзі. Бұл турнир — жүйелі қайырымдылықтың үлгісі, бизнестің ерекше балаларды қолдау үшін бірігуі. Бүгін бұл жерде 32 компания, 90 волонтер, жүзден астам ата ана, жаттықтырушылар, Астана қаласы әкімдігі, шетелдік елшіліктер бар. Баршаңызды турнир мен Лига ұйымдастыруға қолдау көрсеткендеріңіз үшін жүректен алғыс айтамын. UNI Football League — жай спорт ғана емес» — деп атап өтті «Bolashak Charity» ҚҚ Қамқоршылық кеңесінің төрайымы Динара Гаплан.
«Бүгінгі турнир Қазақстандағы инклюзивті спорт дамуының жаңа кезеңін ашатын тарихи оқиға. «Freedom Шапағат» қоры үшін оны қолдау біздің әлеуметтік миссиямыздың ажырамас бөлігі. UNI FOOTBALL LEAGUE ды қолдап, әр баланың дамуына жағдай жасап, біз бірге инклюзивті, мейірімді және әділетті қоғам құрамыз» — деді «Freedom Шапағат» ҚФ президенті Баглана Мусина.
UNI Football League туралы
2023 жылы «Bolashak Charity» Қоғамдық қоры, Қазақстанның футбол федерациясы және «Freedom Шапағат» корпоративтік қоры ерекше қажеттіліктері бар балаларға қолдау көрсету, инклюзив спортты дамыту және футбол арқылы өзара көмек пен ізгілік құндылықтарын қалыптастыру мақсатында UNI Football League атты ерекше әлеуметтік жобаны іске қосты. Астана қаласы әкімдігінің және Испания Корольдігі елшілігінің қолдауымен жүзеге асырылып жатқан бұл жоба елімізде аутизм және басқа даму ерекшеліктері бар балаларды футбол әлеміне тартуға бағытталған алғашқы ауқымды бастама болды. Жобаға Қазақстанның 9 қаласынан жүзден астам бала қатысады. Жоба UEFA ның B, C және D санаттағы лицензиясы бар, инклюзия саласында тәжірибесі бар кәсіби жаттықтырушылар тобын қамтиды, оның ішінде арнайы мүмкіндіктері бар адамдар да бар.
«Мен өзім ДЦП диагнозымен өмір сүремін және спорттың өмірді қалай өзгерте алатынын білемін. Бұл балалар көз алдымызда өсіп келеді — физикалық тұрғыдан да, рухани тұрғыдан да. Жоба оларға тек доп беріп қана қоймай, әлеуметтену мүмкіндігін сыйлайды» — деді Атыраудағы UNI Football League жаттықтырушысы Нұржан Қасанов.
Көптеген отбасылар үшін жобаға қатысу — баланың спорт арқылы әлеуметтенуі жолындағы алғашқы тәжірибе болды. UNI Football League жобасы дәлелдейді: спорт — потенциалды ашудың, денсаулықты нығайтудың және инклюзив қоғам құрудың қуатты құралы.
Турнирдің серіктестері: Астана қаласының әкімдігі, «AMANAT» партиясы.
Ақпараттық серіктес: «Айқын-Литер» ЖШС.