Темірлан Анарбеков алаңға қайта оралды

/
Темірлан Анарбеков алаңға қайта оралды
Әлеуметтік желі

«Қайрат» футбол клубының қақпашысы Темірлан Анарбеков команда құрамына қайта оралды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Алматылық клубтың әлеуметтік желілерінде Анарбековтің командамен бірге толыққанды жаттығуға кіріскен сәтінен видео жарияланды.

Еске салайық, 14 қыркүйек күні, Қазақстан чемпионатының 23-турындағы «Қайрат» пен «Ақтөбе» арасындағы матчта қақпашы қарсылас команданың қорғаушысы Уче Агбомен соқтығысып, төменгі жақ сүйегін сындырып алған болатын. Сол себепті ол алаңнан шығарылды.

Темірлан Анарбеков жанкүйерлерге шотландиялық «Селтикке» қарсы Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңіндегі тарихи ойыннан кейін кеңінен танылды. Сол ойында ол үш пенальтиді қайтарып, алматылық команданың турнирдің топтық кезеңіне өтуіне үлкен үлес қосқан еді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары