2026 жылы Қазақстанда зейнет жасына шығу ережелері өзгермейді: ер адамдар 63 жаста, әйелдер 61 жаста зейнетке шыға алады, деп хабарлайды turkystan.kz.
Кейін әйелдердің зейнет жасы біртіндеп ұлғайып, 2031 жылға қарай 63 жасқа дейін жеткізіледі.
Әйелдер үшін зейнет жасы кезең-кезеңімен ұлғаяды:
2024–2027 жылдары — 61 жас;
2028 жылғы 1 қаңтардан бастап — 61,5 жас;
2029 жылғы 1 қаңтардан бастап — 62 жас;
2030 жылғы 1 қаңтардан бастап — 62,5 жас;
2031 жылғы 1 қаңтардан бастап — 63 жас.