6 науқасқа мүгедектік рәсімдеуге көмектесемін деп алдап кеткен клиника дәрігеріне қатысты үкім шығарылды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Алаяқ дәрігер өзінің қызметін жұмыс орнында ұсынған, алайда шын мәнінде мұндай көмек көрсетуге құқығы болмаған. Алдап алған 4 млн теңгеден астам ақшалай қаражатын ол жеке қажеттіліктеріне жұмсаған.
Прокурор ұсынған дәлелдемелермен айыпталушының кінәсі толық дәлелденді, қылмыстық құқық бұзушылықтар жиынтығын ескере отырып ол бас бостандығынан айыру жазасына сотталды.
Материалдық шығын өндірілді.
Үкім заңды күшіне енді.
Қала прокуратурасы әлеуметтік қызметтерді алу үшін тек уәкілетті органдарға ресми өтінішпен жүгіну қажет екендігін назарға салады.