Алматыда отыз сарбаз Десанттық-шабуылдау әскеріне қызмет етуге аттанды

/
Алматыда отыз сарбаз Десанттық-шабуылдау әскеріне қызмет етуге аттанды
gov.kz

28 гвардиялық-панфиловшылар атындағы саябақта әскерге шақырылушыларды салтанатты түрде шығарып салу шарасы өтті.

Іс-шараға аты аңызға айналған генерал Иван Панфиловтың немересі Алуа Байқадамованың қатысуы маңызды болды.

Жастарды қолдау үшін Алматы гарнизонының әскери қызметшілері, Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтының, Құрлық әскерлері әскери институтының курсанттары, Бауыржан Момышұлы атындағы әскери-спорт колледжінің, «Жас сарбаз» әскери-патриоттық қозғалысының тәрбиеленушілері, Қарулы күштердің ардагерлері, сарбаздардың туған-туыстары келді.

– Әскердегі қызметі жігітті шыңдайды, төзімділік пен тәртіпке үйретеді. Әскерде сендер көп нәрсені үйреніп, жауынгер жолдастың бағасын білетін боласыңдар. Армиядан тапқан достарың ең адал әрі сенімді болатынын ұмытпаңдар, – деп атап өтті Алматы қаласы қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бастығы полковник Жақсылық Айтбаев.

Іс-шараға салтанатты түрде Қарулы күштер Ұлттық әскери-патриоттық орталығы филиалының әскери оркестрінің орындауындағы марштар орындалды. Алматылық десанттық-шабуылдау бригадасының жауынгерлері шараға қатысып, қоян-қолтық ұрыстың элементтерін көрсетті.

Осы күзде 1500-ге жуық алматылық мерзімді әскери қызмет атқаруға аттанатынын айта кету керек. Олар Қорғаныс министрлігінің, ҰҚК Шекара қызметінің, Мемлекеттік күзет қызметінің, Ұлттық ұланның және Төтенше жағдайлар министрлігінің әскери бөлімдерінде борышын өтейтін болады.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары