Еліміздің үш облысында күн суытады

13 сәуірде ОҚО-да жауын жауып, күшті жел соғып, түстен кейін таулы жерлерде жылбысқы қар жауады деп күтілуде. Кей жерлерде күн күркіреп, бұршақ жауып, жел екпіні 25 м/с-қа жетеді.
14 сәуірде түнде ауа температурасы түсіп, 2 градус аяз болады. 13 сәуірде таңертең және күндіз Жамбыл облысында жауын жауып, кей жерлерде нөсерге ұласады. Күннің екінші жартысында таулы аудандарда жылбысқы қар жауады. Кей өңірлерде найзағай, бұршақ жауып, оңтүстік-батыс, батыстан жел 15-20-ға дейін күшейеді. Екпіні 23-28-ге жетеді, облыстың оңтүстік-батысында 30 м/с болады. 14-15 сәуір түнде ауа температурасы 0-5-ке дейін төмендейді. 13 сәуірде таңертең және күндіз Алматы облысында жауын жауып, кей жерлерде арты нөсерге ұласады. Күннің екінші жартысында таулы аудандарда жылбысқы қар жауады. Кей өңірлерде найзағай, бұршақ жауып, оңтүстік-батыс, батыстан соққан желдің жылдамдығы 15-20-ға дейін күшейеді.

Back to top button