Түркістанда 24 жастағы жігітті зорлаған ағайынды үш жігіт сотталып жатыр

/
Түркістанда 24 жастағы жігітті зорлаған ағайынды үш жігіт сотталып жатыр
istockphoto.com

Түркістан облысының Келес аудандық сотында дамуында тежелуі бар, 24 жастағы жігітті зорлау ісі қаралып жатыр, деп хабарлайды turkystan.kz.

Оқиға туралы 2025 жылдың наурыз айында «НеМолчи.kz» қорының жарияланымдары арқылы белгілі болды. Ұйымның мәліметінше, ақыл-ой дамуы 4 жасар баланың деңгейіне сәйкес келетін жас жігіт бірнеше жыл бойы немере ағайындары мен көршілерінің зорлығына ұшырап келген.

Жәбірленушінің анасы қылмысқа алты адамның қатысы бар екенін, олардың арасында кәмелетке толмағандар да барын айтқан. Алайда сот алдында тек жәбірленушінің үш ересек немере ағасы отыр.

Іс жабық түрде қаралып жатыр. Екі айыпталушыға бірнеше рет топ болып зорлау айыбы тағылған (ҚК 121-бабы 2-бөлігінің 1 және 4-тармақтары).

Үшіншісіне – топ болып зорлау және ұрлық жасау айыбы тағылған (ҚК 121-бабы 2-бөлігінің 1-тармағы; 188-бап).

30 қыркүйекте сотта тараптардың жарыссөзі өтті.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары