Қазақстандық жүзушілер Азия чемпионатында тағы екі медаль еншіледі

/
Қазақстандық жүзушілер Азия чемпионатында тағы екі медаль еншіледі
olympic.kz

Ахмедабадта (Үндістан) су спорты түрлерінен Азия чемпионаты өтіп жатыр, деп хабарлайды turkystan.kz.

Қазақстан құрамасының өкілдері жүзуден тағы екі медальға қол жеткізді.

Глеб Коваленя 50 метрге еркін стильде жүзуде екінші болып мәре сызығын кесті.

Айбат Мырзамұратов 50 метрге брасс әдісімен жүзуде күміс жүлдегер атанды.

Айта кетейік, алғашқы күні қазақстандық спортшылар екі күміс және бір қола медаль жеңіп алған еді.

 

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары