Қазақстандық жүзушілер Азия чемпионатында үш медаль иеленді

/
Қазақстандық жүзушілер Азия чемпионатында үш медаль иеленді
olympic.kz

Үндістанның Ахмедабад қаласында су спорты түрлерінен Азия чемпионаты басталды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Жарыстың алғашқы күнінде Қазақстан құрамасы жүзуден үш медаль жеңіп алды.

100 метрге баттерфляй әдісімен жүзуде Максим Сказобцов күміс жүлдегер атанса, Әділбек Мусин бесінші болып келді.

София Аубакирова 50 метр арқамен жүзуде екінші нәтиже көрсетті. Ал Софья Сподаренко 100 метр баттерфляй әдісімен жүзуде қола медальға қол жеткізді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары