Мемлекет басшысының өкімімен Жандос Жәнібекұлы Өмірәлиев Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бірінші орынбасары болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Еңбек жолы:
2000 жылы аудан прокурорының көмекшісі.
2010-2011 жылдары бас прокурордың ерекше тапсырмалар жөніндегі аға көмекшісі – Заңдылықты, құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету және қылмысқа қарсы күрес жөніндегі үйлестіру кеңесінің хатшысы болды.
2011-2017 жылдары Алматы қаласы прокурорының орынбасары қызметін атқарған.
2017-2018 жылдары – Бас прокуратураның кадрларды дамыту басқармасының бастығы.
2018-2022 жылдары Батыс Қазақстан облысының прокуроры болды.
2022 жылы 8 маусымда Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының орынбасары болып тағайындалды.