420
Ақмола облысында станцияны су басты
Ақмола облысында станцияны су басты
Ақмола облысының Есіл ауданына қарасты Сұрған станциясында үйлерді су алған.
Елді мекеннің тұрғындары біздің арнаның тілшілеріне хабарласып, әбігерге түскендерін айтты. Су аулаға жайылып, кейбір үйлердің ішіне де кірген. Сұрғандықтар жергілікті әкімшіліктің бей-қамдығына шағымданып отыр.
«Есіл ауданның әкімдігі төтенше жағдайдан хабардар екені анық, бірақ әзірге қимыл-әрекеттерін байқамадық», - дейді станция тұрғындары. Төтенше жағдай қызметі де хабарсыз.
Владимир Чижых, ауыл тұрғыны:
- Сұрғанда тұрып жатқаныма жетпіс жыл болды. Мұндай жағдайды көрмеппін. Аула түгілі үйді су алып кетті. Еденде ылғал, төсеніштер де суға малынды. Ұрадағы картоп та бүлінді. Әкім келді. Директор трактор берді. Тазалап жатырмыз. Әкім келіп, біздің жанталасқанымызды қарап тұрды да кетті.