Мемлекет басшысының Жарлығымен Ержан Нигматоллаұлы Ашықбаев Қазақстан Республикасының Америка Құрама Штаттарындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымынан босатылды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Ашықбаев бұл қызметті 2021 жылдың сәуір айынан бастап атқарған. Елші болып тағайындалғанға дейін Сыртқы істер министрінің орынбасары болған. І дәрежелі төтенше және өкілетті уәкіл дипломатиялық дәрежесі бар. Орыс, ағылшын, түрік және француз тілдерін меңгерген.
Айта кетейік, мемлекет басшысы 21–23 қыркүйек күндері жұмыс сапарымен Нью-Йорк қаласына барып, БҰҰ Бас Ассамблеясының 80-сессиясына қатысып, бірқатар мемлекеттер мен халықаралық ұйымдар басшыларымен келіссөздер жүргізген болатын.