Түнде бала шуласа ата-анасына айыппұл салынды

/
Түнде бала шуласа ата-анасына айыппұл салынды
istockphoto.com

Қазақстанда жұмыс күндері сағат 22:00-ден 09:00-ге дейін, ал демалыс және мереке күндері 23:00-ден 10:00-ге дейін шулауға болмайды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Абай облысының полиция департаменті хабарлағандай, Қазақстанда түнгі уақытта үйде немесе аулада шулаған балалардың ата-аналарына да айыппұл салынуы мүмкін.

Әкімшілік кодекстің 437-бабына – «Тыныштықты бұзу» – сәйкес, Қазақстанда шулауға болмайды:

жұмыс күндері – 22:00-ден 09:00-ге дейін;

демалыс және мереке күндері – 23:00-ден 10:00-ге дейін.

Заңда тыныштықты бұзушы кім екені нақты көрсетілмегендіктен, жауапкершілік балаларға да қолданылады.

«Балаларға қатысты жағдайлар кештерден өзгеше, бірақ заң бәріне ортақ. 437-бапта тыныштықты нақты кім бұзатыны жазылмаған – маңыздысы әрекеттің өзі. Егер түнде балалар қатты айқайлап, пәтер ішінде немесе аулада жүгірсе, бұл да бұзу болып есептеледі. Әдетте полиция ата-аналармен түсіндіру жұмыстарын жүргізумен шектеледі. Алайда шағымдар қайталанса, балаға заңды өкіл ретінде ата-аналардың өздері жауапқа тартылады», – делінген хабарламада.

Қазақстандықтар үшін айыппұл мөлшері:

алғашқы бұзу – 5 АЕК (19 660 теңге);

қайталанған жағдайда – 10 АЕК (39 320 теңге).

Сонымен қатар, түнгі уақытта сыртта шулаған балалардың ата-аналары Әкімшілік кодекстің 442-бабы бойынша – «Кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ойын-сауық орындарында не тұрғын үйден тыс жерде заңды өкілінсіз жүруі» – жауапқа тартылуы мүмкін.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары