Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев грек-рим күресінен әлем чемпионы атанған Айдос Сұлтанғалиға көлік пен пәтер табыстады, деп хабарлайды turkystan.kz.
Сонымен қатар, спортшының бапкері Ғабиден Райымбекке де баспана берілді.
Айта кетейік, Айдос Сұлтанғали Хорватия астанасы Загреб қаласында өткен грек-рим күресінен әлем чемпионатында 60 келі салмақ дәрежесінде бақ сынаған болатын. Ол финалдық бәсекеде Өзбекстан балуаны Әлішер Ганиевті бір минуттың ішінде таза жеңіп, әлем чемпионы атанды.
Бұл – грек-рим күресінен Қазақстан құрамасы 26 жылдан кейін қол жеткізген алтын медаль.