Солтүстік Қазақстанда пойыз бен КамАЗ көлігі соқтығысты

/
Солтүстік Қазақстанда пойыз бен КамАЗ көлігі соқтығысты
istockphoto.com

Уәлиханов ауданының Кішкенекөл ауылының маңында КамАЗ жүргізушісі темір жолға шығып, жүк пойызымен соқтығысты, деп хабарлайды turkystan.kz.

Бұл теміржол учаскесінде шлагбаум жоқ, сондықтан автокөліктерге жолды кесіп өтуге ешқандай кедергі қойылмаған. Сол себепті жүк көлігі пойыз келе жатқан сәтте қауіпті аймаққа шығып кеткен. Соқтығысудан кейін КамАЗ жүргізушісі аудандық ауруханаға жеткізілді.

«Жағдайы орташа ауырлықта. Зардап шегушінің жабық бас-ми жарақаты бар. Сондай-ақ сол жақ сирағы сынған», – деп хабарлады Солтүстік Қазақстан облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Бұдан бөлек, жүк көлігінің жүргізушісі көзге қан құйылу, бет, қол және аяқтың көптеген жарақаттарын алған.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары