Қала сәулетшілері алаңдаулы

Қала сәулетшілері алаңдаулы

Қала сәулетшілері алаңдаулы
ашық дереккөзі
Urban Forum Almaty жобасының қатысушылары жұртшылыққа ашық хат жазды. Хатта олар Алматы қаласындағы Төле би көшесінен төменірек Панфилов көшесінің бойына көпқабатты тұрғын үй құрылысы қолға алынғанына алаңдаушылық білдірген. Бұл туралы Vlast.kz жазған болатын. Олардың пікірінше, жаңа құрылыс қаланың тарихи сәулетін бұзып тұр. «Биік ғимарат маңайдағы аласа үйлерге күн түсірмейді, Панфилов көшесі бойындағы көлік кептелісін тудырып, қозғалысты бөгейді. Сонымен қатар, бұл маңайға мұндай биік үйлердің салынуы қала орталығында қалыптасқан тарихи ғимараттардың көрінісін бұзады» делінген ашық хатта. Алматының ескі орталығында 30-жылдары салынған тарихи ғимараттар бар. Қала сәулетшілері шаһар басшылығына биік ғимараттарды қаланың басқа жерлеріне салуды ұсынады. Еске сала кетейік, Алматы қаласындағы Панфилов – Төле би – Бөгенбай батыр – Фурманов көшелері арасында Exclusive Construction компаниясы Panfilov атты жаңа тұрғын үй құрылысын қолға алған болатын. 19 мың 50 шаршы метр аймақты алатын нысан 2018 жылы салынып бітуі тиіс.