«100 пайыз төлем сұрады»: Қанат Үмбетовтің басы дауға қалды

/
«100 пайыз төлем сұрады»: Қанат Үмбетовтің басы дауға қалды

Желі қолданушысы әнші Қанат Үмбетовке қатысты жазба жариялады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Оның сөзінше, әнші анасының тойына шақырған. Алайда өнер иесі толық төлем алғаннан кейін, байланысқа шықпай қойған және тойға келмеген.

«28 маусым күні анамның мерейтойын атап өттік. Әнші Қанат Үмбетовті шақырдық. Ол қайын ағамыздың досы болғандықтан, алдын ала 100 пайыз төлем сұрады. Оған дейін біздің іс-шарада өнер көрсеткесін еш қиындықсыз аудардық. Той болатын күні телефон тұтқасын көтермеді. Бірақ жеке парақшасын қарағанда, оның басқа мейрамханада тойда болғанын көрдік. Екі айдан астам уақыт өтті. Ақшамызды қайтаратын емес. Көмекшілері де ештеңе білмейміз деп отыр. Осындай жағдайда түсіп қалмаңыздар! Қайын ағамның өзі де іздеп жүр. Телефонын көтермейді», – деді kazbekkyzy_a аккаунт қолданушысы.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары