Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті жыл басынан бері өңірдегі 19 кәсіпорынның жұмысшыларына жалпы сомасы 251,2 млн теңге қарыз екенін анықтады. 320 қызметкер еңбекақысын ала алмай жүрген, деп хабарлайды turkystan.kz.
Заңға сәйкес, жалақы ай сайын толық көлемде және белгіленген мерзімде төленуі тиіс. Уақытылы берілмеген жағдайда жұмыс беруші өтемақы төлеуге міндетті және әкімшілік жауапкершілікке тартылады.
Еңбек инспекторлары қабылдаған шаралардың арқасында өңірде 240,8 миллион теңге өндіріліп, 302 қызметкердің құқығы қалпына келтірілді. 17 заңды тұлға жауапкершілікке тартылып, оларға жалпы 4,2 миллион теңге айыппұл салынды.