Биржада доллар бағасы 540 теңгеден асты

/
Биржада доллар бағасы 540 теңгеден асты
istockphoto.com

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндізгі сауда-саттық нәтижесінде бір АҚШ долларының орташа бағамы 540,84 теңге болып, 1,76 теңгеге өсті, деп хабарлайды turkystan.kz.

Қазақстан Ұлттық банкінің 12 қыркүйектегі ресми доллар бағамы – 538,89 теңге.

Kurs.kz сайтының мәліметінше, Алматыдағы айырбастау пункттерінде долларды сатып алу орташа есеппен 539,61 теңгені, сату – 541,51 теңгені құрап отыр. Астанада долларды орташа есеппен 538,71 теңгеден сатып алып, 543,71 теңгеден сатып жатыр.

Еске сала кетейік, 8 қыркүйектегі күндізгі сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 2,64 теңгеге төмендеген еді, 9 қыркүйекте – 1,67 теңгеге, 10 қыркүйекте – 1,46 теңгеге, ал 11 қыркүйекте – 0,65 теңгеге өскен болатын.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары