182
"Тойота" жаңа зауыт құрылысын кейінге қалдырды
"Тойота" жаңа зауыт құрылысын кейінге қалдырды
Таяуда АҚШ президенті Дональд Трамп «Тойота» компаниясының Мексикадан зауыт саулына байланысты өз пікірін білдірген болатын. Анығында, егер америкалық нарыққа бағытталатын көліктер Мексикада жасалса, баж салығын ұлғайтамын деп сес көрсеткен еді. Осы орайда Тойота басшылығы АҚШ-тағы зауытын жөндеуден өткізуді жөн көрген сияқты.
Жапондық «Тойота» компаниясы АҚШ-тың Джордж таун қаласындағы зауытын қайта жабдықтауға 1 миллиард 300 миллион доллар қаржы бөледі.
Бұл - компания тарихындағы ең ірі инвестиция. Қаржы - өндіріс ошағының бәсекелестігін арттырып, компанияның нарықтағы орнын күшейте түсуі тиіс. Жалпы «Тойота» бірлестігі алдағы 5 жылда АҚШ-тағы өндірістеріне 10 миллиард доллар қаржы құюды көздейді. Ал Джорджтаундағы зауытта 8 мыңнан астам адам жұмыс істейді.
Компанияның Солтүстік Америкада дайындайтын көліктерінің төрттен бір бөлігі осында жасалады. Өткен жылы бұл өндіріс ошағы нарыққа 500 мың көлік шығарған. Уилл Джеймс, «Toyota» зауытының Джорджтаун қаласындағы басшысы: - Бұл зауыт тарихындағы ең ірі инвестиция және компанияның АҚШ-тағы өндірістеріне 10 миллиард доллар қаржы салу жөніндегі жоспарының бір дәлелі.
Сонымен қатар, бұл инвестиция халықтың әл-ауқатын жақсартуға ықпалын тигізеді.