Германия мэрі - Қазақстан тумасы

Германия мэрі - Қазақстан тумасы

Германия мэрі - Қазақстан тумасы
ашық дереккөзі
483
Қазақстан тумасы Вероника Лаукарт сайлауда жеңіске жетіп, Германияның Ау-на-Рейне қаласының мэрі болып сайланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. Вероника - этникалық неміс. Ол Астанада (ол кезде Целиноград) дүниеге келіп, сонда өскен. Жасы 37-де. Қазақстаннан жас кезінде отбасымен бірге кеткен. Вероникаға сайлаушылардың 60,3 пайызы дауыс берген. Енді қаланың жаңа басшысы 1 маусымнан бастап жұмысына кіріседі. Айта кетейік, Ау-на-Рейне қаласында 3 500 адам тұрады. Елді мекен Германияның оңтүстік-батысында орналасқан.  

Серіктес жаңалықтары