Қазақстанда туристерге арналған тәуліктік жедел желі іске қосылды

/
Қазақстанда туристерге арналған тәуліктік жедел желі іске қосылды
istockphoto.com

«Туристік Қамқор» туристердің құқығын қорғау қоры азаматтардың өтініштерін қабылдауға арналған тәулік бойы жұмыс істейтін байланыс желісін іске қосты, деп хабарлайды turkystan.kz.

Телефон: +7 700 112 21 12 (WhatsApp және Telegram арқылы да қолжетімді).

Шілде айынан бері желіге 400-ден астам өтініш түскен. Олардың барлығын қор мамандары қарап, туристерге кеңес беріп, көмек көрсеткен.

«Жедел желі» келесі негізгі бағыттар бойынша жұмыс істейді:

туристердің құқықтары мен мүдделерін қорғау,

шетелде күтпеген жағдайлар туындағанда кеңес беру,

ресми Тізілімге енгізілген туроператорлар туралы мәлімет беру.

«Туристік Қамқор» қоры қазақстандық туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және құқықтарын қорғау мақсатында құрылған. Барлық келіп түскен өтініштер тұрақты бақылауда болады.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары