Екібастұздық кәсіпкер шекарашыларға 50 жылқы сыйлады

/
Екібастұздық кәсіпкер шекарашыларға 50 жылқы сыйлады
istockphoto.com

Павлодар облысының Екібастұз қаласының кәсіпкері Жетісу облысының Панфилов ауданындағы шекара заставасына 50 жылқы берді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Салт аттар шекара қызметінде зор маңызға ие. Таулы аймақтарда жануарлар техника жүре алмайтын учаскелерді патрульдеуге көмектеседі.

Осылайша, бизнестің қолдауы бөлімшелердің жылдам қимылдауын айтарлықтай күшейтіп, ел шекарасын қорғау тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

«Қазіргі уақытта жануарлардың екінші легін тасымалдау жүріп жатыр. Олар Текелі қаласындағы қызметтік жылқыларды дайындау бөліміне жеткізіледі. Оқыту аяқталған соң мемлекеттік шекараны қорғау үшін шекара қызметінің бөлімшелеріне жіберіледі», — деді Жетісу облысы бойынша ҚР ҰҚК Шекара қызметінің өңірлік бөлімінің қызметкері Жасұлан Қашқаров.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары