Ішкі істер министрлігі балаларды буллингтен қалай қорғау керек екенін түсіндірді, деп хабарлайды turkystan.kz.
Егер балаңыз:
- Еш себепсіз мектепке немесе сабаққа барғысы келмесе;
- жиі басының не ішінің ауырғанын айтса;
- оқуға және үйірмелерге қызығушылығы болмаса;
- үйге сынған немесе жоғалған заттармен қайтып келсе;
- тұйық, мазасыз, үндемейтін болып кетсе;
- мектеп, сыныптастары туралы әңгімеден қашқақтаса;
- қорқып, күдіктеніп, мінезі күрт өзгерсе – бұған міндетті түрде назар аударыңыз!
Баланы қолдау маңызды
- Тыңдаңыз және сеніңіз. Мәселе сізге ұсақ-түйек болып көрінсе де, бала үшін ол өте маңызды болуы мүмкін.
- Ашық сөйлесіңіз. “Мектепте өзіңді қалай сезінесің? Сені мазалайтын мәселе бар ма?” деп сұраңыз.
- Өзін-өзі бағалауды нығайтыңыз. Балаңызды қолдап, жетістіктерін айтып отырыңыз.
- “Жоқ” деп айтуға үйретіңіз. Жеке шекарасын қорғай білуді дамытыңыз.
- Сенім орнатыңыз. Бала ата-анасының әрдайым оның жағында екенін білуі тиіс.
- Балаңызбен достық, құрмет және ізгілік туралы сөйлесіңіз.
- Сезімталдыққа үйретіңіз: әділетсіздікке тап болған кейіпкерлер жайлы кітаптар мен фильмдерді бірге талқылаңыз.
- Агрессивті контентті шектеп, интернет ортасын бақылап отырыңыз.
- Үлгі болыңыз. Отбасыда дөрекілік пен кемсітушілікке жол бермеңіз.
Есіңізде болсын: буллингтің салдарымен күрескеннен гөрі, оның алдын алу әлдеқайда жеңіл. Ең маңыздысы – отбасының қолдауы және ата-ана мен бала арасындағы сенім.