Теміртау мектептеріне жарылғыш зат қойылды – Полиция жауап берді

/
Теміртау мектептеріне жарылғыш зат қойылды – Полиция жауап берді
Қарағанды облысының Полиция департаменті

Теміртау қаласында мектептерде жарылғыш заттар бар деген ақпарат таралып, тұрғындар арасында алаңдаушылық тудырды. Құқық қорғау органдары бұл қауесетке жауап берді, деп хабарлайды turkystan.kz.

«Ресми түрде хабарлаймыз: бұл ақпарат шындыққа жанаспайды. Әдейі жалған мәлімет тарату дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Барлық оқу орындары полиция қызметкерлері тарапынан тексеріліп, қалыпты режимде жұмыс істеп тұр», – деп мәлімдеді Қарағанды облысы ПД.

Ведомство мұндай «әзілдердің» авторлары үшін қымбатқа түсуі мүмкін екенін атап өтті: терроризм актісі туралы жалған хабар бергені үшін қатаң қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.

Теміртау тұрғындарын сабыр сақтауға және тек ресми ақпарат көздеріне сенуге шақырды.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары