Ақша айырбастау пунктерінде доллар бағасы 541 теңгеге жетті

/
Ақша айырбастау пунктерінде доллар бағасы 541 теңгеге жетті
istockphoto.com

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндізгі сауда қорытындысы бойынша бір АҚШ долларының орташа өлшенген бағамы 536,76 теңгені құрап, 1,67 теңгеге өсті, деп хабарлайды turkystan.kz.

Ұлттық банктің ресми доллар бағамы 9 қыркүйекте 535,13 теңге болды.

Kurs.kz сайтының дерегінше, қазіргі уақытта Алматыдағы айырбастау пунктерінде долларды сатып алу орташа есеппен 537,54 теңге, сату – 539,47 теңге деңгейінде. Астанадағы айырбастау пунктерінде долларды орташа есеппен 536 теңгеден сатып алып, 541 теңгеден сатып жатыр.

Еске сала кетейік, 2 қыркүйектегі күндізгі сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа өлшенген бағамы 0,95 теңгеге, 3 қыркүйекте – 0,55 теңгеге көтерілген, 4 қыркүйекте – 0,09 теңгеге төмендеген, 5 қыркүйекте – 2,11 теңгеге, ал 8 қыркүйекте – 2,64 теңгеге төмендеген.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары