Бүгін әлем чемпионатында 2 қазақстандық боксшы бақ сынайды

/
Бүгін әлем чемпионатында 2 қазақстандық боксшы бақ сынайды
Olympic.kz

World Boxing аясындағы әлем чемпионатында бүгін, 5 қыркүйекте, Қазақстан құрамасынан екі боксшы шаршы алаңға шығады, деп хабарлайды turkystan.kz.

57 келі салмақта Карина Ибрагимова грек спортшысы Панагита Кузилумен кездеседі. Карина – 2023 жылғы әлем чемпионатының күміс, 2018 және 2022 жылдардың қола жүлдегері, сондай-ақ 2022 жылғы Азия чемпионы.

65 келіде Аида Әбікеева венгриялық Анна Луца Хамориге қарсы жұдырықтасады. Бұған дейін Аида Сербияның Ниш қаласында әлем чемпионы атанған.

Ал әйелдер құрамасынан 54 келідегі Элина Базарова алғашқы жекпе-жегінде өзбекстандық Нигина Уктамоваға жол беріп, жарыстан шығып қалды.

Чемпионатта бұдан бөлек Назым Қызайбай (48 келі), Алуа Балқыбекова (51 келі), Виктория Графеева (60 келі), Наталья Богданова (70 келі), Надежда Рябец (75 келі), Гүлсая Ержан (80 келі) және Елдана Талипова (80 келіден жоғары) ел намысын қорғайды.

Дүбірлі дода 4-14 қыркүйек аралығында Ливерпульде өтіп, «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналарынан тікелей эфирде көрсетіледі.

 

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары