Белгілі актер Раман Омар журналист Анна Данченкоға берген сұхбатында отбасына қатысты жан сырын ақтарды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Актердың айтуынша, екі некеден 6 баласы бар, алайда олар бір-бірімен араласпайды.
«Бір әттеген-ай бар. Балаларым отбасыммен араласпайды, тек менімен араласады. Іштей балалық эгоизм болады ғой. Қызғаншақтығы болатын шығар. Олар «араласпай-ақ қойяйықшы» деді. Енді оған уақыт керек және уақыт емші. Менің той басқарып, асаба болып жүргеніме 20-30 жыл болды. Сол кезде басында араласпай жүріп, кейін араласып кеткен отбасыларды көрдім. Сондықтан үмітсіз шайтан. Құдай қаласа сол күнге жетерміз.
Қазір үлкенім 28 жаста, екіншім 25 жаста. Одан кейінгі ұлым Дастан 2010 жылғы 10-сыныпқа аяқ басты. Құдай берген 5 ұл, бір қызым бар.
6 баланың әкесімін. Тұңғышым үйленді. Қайын ата болып үлгердім, бірақ әлі ата болған жоқпын. Жастар асықпайды екен. Біз үйленгенде өмірге ұрпақ әкелуге асығатын едік. Қазіргі жастар «алдымен жағдайымыз жасап алайық» дейді», – деді Р. Омар.