Жұмысшы мамандықтар жылы: Маңғыстауда арнайы киімдер тігетін шағын бизнес табысты дамып келеді

/
Жұмысшы мамандықтар жылы: Маңғыстауда арнайы киімдер тігетін шағын бизнес табысты дамып келеді

Маңғыстау облысында жұмысшы мамандықтар жылы аясында еңбек адамдарына қолдау көрсететін кәсіпкерлік нысандардың саны артып келеді. Соның айқын дәлелі - «Ria safety» кәсіпорны. 2018 жылы арнайы киімдер сататын дүкен ретінде ашылған кәсіпорын уақыт өте келе тұтынушылардың сұранысына сай өндірісін кеңейтіп, 2022 жылы өз тігін цехын іске қосты, деп хабарлайды Қоғамдық коммуникация орталығы, деп хабарлайды turkystan.kz.

Қазіргі таңда цехта мұнайшыларға, дәрігерлерге және құрылысшыларға арналған арнайы киімдер тігіледі. Цехта 20-дан астам білікті тігінші еңбек етіп, жылына 5 мың дана арнайы киім шығарады.

Кәсіпорын өкілі Рената Умбеталиеваның айтуынша, тігін цехы жыл сайын дамып, өндіріс көлемін ұлғайтып келеді.

«Мемлекеттен берілетін қолдау біз үшін үлкен мүмкіндік болды. Субсидия алу арқылы кәсібімізді жолға қойдық. Бүгінгі таңда біз үшін ең бастысы - сапа мен тұтынушының сенімі. Болашақта өндірісімізді кеңейтіп, үлкен фабрика ашу мақсатымыз. Бұл арқылы жаңа жұмыс орындарын құрып, өңір экономикасына өз үлесімізді қосқымыз келеді», - деді Рената Умбеталиева.

Бұл бастама аймақтағы шағын бизнестің дамуына, жаңа жұмыс орындарының көбеюіне және жұмысшы мамандықтардың мәртебесін арттыруға серпін беріп отыр.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары