Қостанай облысындағы дала өртін сөндіруге тікұшақ жұмылдырылды (ВИДЕО)

/
Қостанай облысындағы дала өртін сөндіруге тікұшақ жұмылдырылды (ВИДЕО)
ТЖМ

Қостанай облысында дала өртін сөндіруге ТЖМ «Қазавиақұтқару» тікұшағы тартылды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Қамысты және Наурызым аудандарында құрғақ өсімдіктердің жекелеген ошақтары тіркелген. Ұрқаш және Дружба ауылдарының арасында от локализацияланған.

— Өрт сөндірушілерге көмекке «Қазавиақұтқару» МИ-8 тікұшағы тартылды, оған 16 су төгу жұмысы іске асырылып, шамамен 48 текше метр су құйылды. Борт тек сөндіруге ғана емес, сонымен қатар аумақты аэровизуалды тексеруге де қатыстырылған, — делінген хабарламада.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары