Әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың әйелі Мөлдір Мұқанова өмірінде болып жатқан өзгерістер мен жаңалықтарын айтты, деп хабарлайды turkystan.kz.
«Шын мәнінде шығармашылық деген іште тұрса, шықпай қоймайды екен.
Құрметті «Маған кеш болып қалды-ау» деген замандастарым, қыз-келіншектер өз армандарыңызды орындау ешқашан кеш емес. Мен де шығармашылыққа аяқ бастым. Бәрі сәтті және ойымдағыдай өтіп жатыр. Бір айдың ішінде 3-4 әннен шығып жатыр. Сондай-ақ жақында қарашада «Шәй в большом городе» фильмім жарыққа шығады.
Ал жеке өмірім жеке болып қалсын. Ол туралы айта алмаймын», – деп жауап берді М. Мұқанова Turkystan.kz тілшісіне.