Алматыдағы «Пинта» мейрамханасы тірі түйелерді ойын-сауыққа пайдаланғаны үшін жұрттың сынына қалды, деп хабарлайды turkystan.kz сайты Stan.kz-ке сілтеме жасап.
Қонақтар мен желі қолданушылары мекеменің жануарларға деген қатыгездігін айыптап, 2GIS платформасындағы шағымдарын жазды
mlfscl есімді оқырман Гоголь, 169 мекенжайындағы мейрамхананың бір жыл бұрын да мекеме түйелерді пайдаланғанын айтты.
«Ішімдік ішетін мекемеде үнемі төбелестер мен тәртіпсіздік болатыны белгілі. Өзіңіз қонақтарды бақылап та үлгермейсіз. Соған қарамастан бұл жерге жануарларды әкелесіз. Сіз жануарлардың ішімдікке араласқан адамдар арасындағы төбелестер кезінде қауіпсіздігін қамтамасыз ете алады деп сенімдісіз бе? Бұл туралы бір жыл бұрын стористе жариялағанмын, бірақ ешқандай әрекет жасамадыңыз. Сонда да мекеме жануарларға қатыгездік көрсетуге мәжбүрлеп отыр», – деп шағымданды қыз.
Желі қолданушылары Анастасия мен Алекс Кривоногов мекемеге наразылығын білдірді. Анастасия Пинта мейрамханасының әрекетін заманауи қонақжайлылыққа мүлде сәйкес келмейтінін айтып, жануарларды ойын-сауық үшін пайдалануды сынға алды.
Ал Алекс Кривоногов өз хабарламасының модератор тарапынан өшірілуіне наразы болып, тірі жануарларды декорация ретінде қолданудың дұрыс емес екенін, олардың өмірі мен еркіндігін құрметтеудің маңызды екенін атап өтті.
«Осы мекемеге және Пинта желісіне баруға кеңес бермеймін. Олар қорғансыз жануарларды маркетинг үшін пайдаланады», – деп жазды тағы бір желі қолданушысы.