Қазақстандық блогер өзін тірідей көміп, TikTok әлеуметтік желісі арқылы тікелей эфир жүргізген, деп хабарлайды turkystan.kz.
Желіде тараған видеодан көмілген жерде тұрған бір топ адам мен қабірде телефон ұстап жатқан жігітті көруге болады.
Блогер тікелей эфирде «Ауа жетпей жатыр. Осы уақытқа дейін 30 аккаунтыма шектеу қойылды. Мынау соңғы аккаунтым. Осы аккаунттың дамуына көмектесіп жіберейік, достар» деп айтқан.
Аталған жағдайға қатысты Алматы қалалық полиция департаменті түсінік берді.
«Аталған факті бойынша тексеру жүргізіліп, Қазақстан заңнамасына сәйкес шара қабылданады», – делінген полиция жауабында.