Түркістан облысында шетел азаматы 13 жылға сотталды

/
Түркістан облысында шетел азаматы 13 жылға сотталды
Жасанды интеллект

Түркістан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында шетел азаматына қатысты қылмыстық іс қаралды. Ол Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 296-бабының 4-бөлігі, 24-бабының 3-бөлігі және 286-бабының 4-бөлігі бойынша айыпталған, деп хабарлайды turkystan.kz.

Айыпталушы аса ірі көлемде есірткі және психотроптық заттарды заңсыз сақтап, өзінің автокөлігімен тасымалдаған. Ол Сарыағаш ауданындағы «Жібек жолы» мемлекеттік шекара бекеті арқылы өту кезінде ұсталды. Қызметтік іздестіру иттері күдіктінің қол жүгінен тыйым салынған заттарды тауып берді.

Тексеру барысында оның сөмкесінен 0,0642 гр гашиш, 0,1156 гр және 0,0810 гр кептірілген марихуана табылды. Ал автокөлігін тінту кезінде жасырылған күйде 56,22 гр мефедрон, 3,23 гр гашиш және 1,40 гр кептірілген марихуана анықталды.

Сот оның өкінуін және жас балалары бар екенін жазаны жеңілдететін мән-жай ретінде ескерді. Ауырлататын жағдайлар анықталған жоқ.

Сот үкімімен ол 13 жылға бас бостандығынан айырылды. Сонымен қатар оның «Chevrolet Cobalt» маркалы автокөлігі мемлекет пайдасына тәркіленді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары