Әлемге танымал Голливуд продюсері Джефф Олм қазақстандық «КОБА» сериалының продюсері атанбақ, деп хабарлайды turkystan.kz.
Әйгілі «Титаник» фильмінің түсіру тобында жән Marvel студиясында жұмыс істеген америкалық маман Джефф Олм қазақстандық «КОБА» фильмін түсіруге көмектеспек.
Дәл осы маман Оскар сыйлығын 11 рет алған әйгілі «Титаник» фильмінің визуалды эффектісін құрған-тын.
Оның портфолиосында «Өрмекші-адам», «Бесінші элемент», «Етік киген мысық», «Гарри Поттер», «Тірі қалған» және өзге де әлемді таңғалдырған жобалар бар. Бірінде ол түстерді түзетуге жауапты болса, енді бірінде визуалды эффекті жасаудың шебері қызметін атқарды.
Ендігі кезекте Джефф Олм «КОБА» сериалының продюсері және колорисі атанбақ.
Сериалдың экранға шығу мерзімі әзірге құпия. Алайда бүгінде мұның жай ғана туынды емес, еліміздегі өзекті мәселелері көтеретін маңызды сериал екені айтылып жүр. Актерлер құрамы да Тарантиноның жобаларына түсетін әртістерден кем емес. Аталған сериалда Қобыланды Болат, Азиз Бейшеналиев, Асан Мәжит, Назар Шархан, Бақтияр Қожа мен Қайрат Әділгерей ойнайды.
Біз Джефф Олмның қолы тиген, жоғарыда аталған голливудтік туындылардың кемі бір рет көрдік. Ендігі кезекте ол атсалысатын «КОБА» сериалы – әлем экранын бағындыруды бағыт еткен туынды болары анық.