Алматы облысында 2 әйел 16 жастағы қызды ұрлап, зорлық көрсеткен (ВИДЕО)

/
Алматы облысында 2 әйел 16 жастағы қызды ұрлап, зорлық көрсеткен (ВИДЕО)
скриншот

Алматы облысының полициясы қыз балаға зорлық-зомбылық көрсетіп, қинаған екі әйелді қолға түсірді, деп хабарлайды turkystan.kz сайты Азаттық рухына сілтеме жасап.

Полиция департаментінің мәліметіне сүйенсек, қазір істің-мән жайы анықталып жатыр.

«Полиция кәмелет жасына толмаған қыз баланы ұрып-соғып, сексуалды сипаттағы зорлық-зомбылық көрсетті деген күдікпен екі әйелді ұстады. Олар уақытша қамау изоляторына қамалды. Қазір істің мән-жайын анықтау үшін кешенді тергеу басталды», - деп хабарлайды Алматы облысының полиция департаменті.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары