Белгілі банкир Жомарт Ертаев бостандыққа шықты

/
Белгілі банкир Жомарт Ертаев бостандыққа шықты
Ғаламтор

2020 жылы Bank RBK-дан 144 миллиард теңге ұрлады деп сотталған экс-банкир Жомарт Ертаев бостандыққа шықты, деп хабарлайды turkystan.kz.

Қылмыстық – атқару жүйесінің мәліметінше ол рақымшылыққа ілінген.

Еске сала кетейік, 2020 жылғы қарашада Жомарт Ертаев 11 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілген болатын. Bank RBK қаржысын ұрлау ісі бойынша онымен бірге тағы 35 адам сотталған еді.

2021 жылы сот жазаны жеңілдетіп, мерзімін 11 жылдан 9 жылға қысқартқан.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары