Әлеуметтік желіде тараған бейнежазбада облыс орталығындағы бір аулада төрт баланың төбелесі түсіп қалған. Қыз бен ұл балалар күш сынаспақ болған, алайда жанжалға ата-аналары араласып, қақтығысты тоқтатты, деп хабарлайды turkystan.kz.
Полиция департаментінің хабарлауынша, жасы 6-8 аралығындағы барлық кәмелетке толмағандар анықталып, ата-аналарымен бірге полиция бөліміне жеткізілген. Балаларға медициналық көмек қажет болмаған.
Ата-аналарға қатысты әкімшілік іс қозғалды. Оларға «балаларды дұрыс тәрбиелемеу» бабы бойынша хаттама толтырылды, енді шешімді сот шығарады. Отбасылар полиция бақылауына алынды.