"Даму" қорының жамбылдық филиалы 167 жобаны субсидиялады

"Даму" қорының жамбылдық филиалы 167 жобаны субсидиялады

"Даму" қорының жамбылдық филиалы 167 жобаны субсидиялады
ашық дереккөзі
«Даму» қорының жамбылдық филиалы 167 жаңа жобаны субсидиялады, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі. Кәсіпкерлер несиесі бойынша пайыздық үстемені субсидиялау бойынша жалпы саны 167 жоба субсидияланды (2015 жылғы көсеткішпен салыстырғанда, өсім 19,2%), несие портфелінің соммасы 19,08 млрд. теңге құрады, аймақтар рейтингінде бұл 2-ші орын. Кепілдендіру тетігі бойынша соммасы 489 млн. теңге құрайтын 60 кепілдеме берілді. 2016 жылы, Филиал осы көрсеткіштермен Республика бойыша 8 орынға тұрақтады. Жалпы, Бағдарлама жүзеге аса бастаған күнен бері Филиал несие портфелі 2 млрд. теңге құрайтын 197 жобаға қолдау көрсетті. Бұл өз кезегінде, Республика бойынша 2 көрсеткіш. Сондай-ақ, аймақтық қаржыландыру бойынша жалпы соммасы 343 млн. теңге құрайтын 10 жоба қаржыландырылды. Сонымен қатар, банкте соммасы 157 млн. теңге құрайтын 4 жоба қарастырылуда. 2016 жылы «Даму» қоры және Жамбыл облысының әкімшілігі, туристтік және басқа да салаларда жұмыс істейтін мекемелерді қаржыландыру мақсатында 500 млн. тенңге бөлген болатын. Жылдық пайыз үстемесі 8,5%. Қатысушы-банктер: «Қазақстан Халық Банкі»АҚ, «Казкоммецрбанк» АҚ. Кәсіпкелерді қаржылай емес қолдау орталығында 10 532 қызмет көрсетілді, 37 бизнес жоба жасалды, 30 жоба банктен несие алуға сүйемелденіп, қолдау алды. Кәсіпкерлерге кызмет көрсету мобильдік орталығы 1742 қызмет көрсетті.