Ауғанстандағы жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 800-ден асты

/
Ауғанстандағы жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 800-ден асты

1 қыркүйекке қараған түні Ауғанстанда қуатты жер сілкінісі болып, 812 адам көз жұмды. Тағы 2 800-ден астам адам түрлі жарақат алған. Бұл туралы ел билігі мәлімдеді, деп хабарлайды turkystan.kz.

DW дерегінше, Ауғанстан ІІМ зардап шеккендердің саны 3 000-нан асқанын хабарлаған.

Жер сілкінісі ең қатты Кунар мен Нангархар провинцияларында тіркелді. Олар Пәкістанмен шекаралас аумақта орналасқан. Талибандар әкімшілігінің өкілі Забихулла Муджахидтің айтуынша, қаза тапқандардың басым бөлігі осы өңір тұрғындары.

«Мұнда көптеген адам өз өмірін қиды, үйлерін жоғалтты. Бізге халықаралық көмек қажет», – деді Ауғанстан Денсаулық сақтау министрлігінің өкілі Шарафат Заман Reuters-ке.

12:45-те шыққан соңғы ресми мәліметке сәйкес, қаза тапқандар саны 800-ден асып, жараланғандар 2 500-ге жеткен. Бұл туралы ел үкіметінің ресми өкілі Забихулла Муджахид RTA телеарнасына берген баспасөз мәслихатында айтты.

«Қазір жергілікті билік пен тұрғындар зардап шеккендерді құтқарумен айналысып жатыр. Сондай-ақ құтқарушылардың орталықтан және көрші провинциялардан келген топтары да апат аймағына жол тартты», – деді ол.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары