11 Сәуір 2017, 21:41 341 0 Спорт Ақниет ОСПАНБАЙ

ӘМ-2019 іріктеу кезеңінде Қазақстан әйелдер командасы бірінші орын алды

Әлем чемпионаты-2019 іріктеу турнирінің алдын ала кезеңінің қорытынды матчында Қазақстан әйелдер құрамасы Эстонияны 1:0 есебімен жеңді, деп хабарлайды Sports.kz.

Кездесу бәрі ойлағандай оңай болмады, эстондықтар жарысқа жақсы әзірленіп келген. Бірінші тайм нөлмен аяқталса, ойынның екінші жартысында қазақстандық Юлия Николаенко гол салды. Осылайша, отандастарымыз жеті ұпай жинап, квартетте бірінші орынға шықты. Олар 2017 жылдың 11 қыркүйегі мен 2018 жылдың 4 қыркүйегі аралығында өтетін Әлем чемпионаты-2019 іріктеу раундының топтық кезеңіне жолдама алды.

Эстония - Қазақстан 0:1 (0:0)

Гол: Николаенко 62 (0:1)

Эстония: Стригин, Паулус, Лоо (Таммик 82), Кубасова (Аарна 77), Банникова, Злиднис, Розен (Тоом 70), Валс, Саар, Рутковская, Тюлп. Қазақстан: Железняк (Гребенюк 60), Жаңатаева, Қырғызбаева, Красюкова, Вылданова, Карибаева (Хайрулина 89), Бортникова, Николаенко (Гайстенова 90+4), Бабшук, Мясникова, Айтымова.

Бас судья: Елени Лампадариу (Греция)

11 сәуір. Тбилиси. Михаил Месхи-2.

Соңғы жаңалықтар