Мемлекет басшысы Сьерра-Леоне президентінің арнаулы өкілімен кездесті

/
Мемлекет басшысы Сьерра-Леоне президентінің арнаулы өкілімен кездесті
Akorda

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Сьерра-Леоне президентінің арнаулы өкілі – Сыртқы істер министрі Тимоти Муса Кабба екі ел ынтымақтастығының перспективасын талқылады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Президент Қазақстанның Африка елдерімен ықпалдастықты кеңейтуге айрықша мән беретінін атап өтті.

Тимоти Муса Кабба арнайы қабылдағаны үшін Мемлекет басшысына алғыс айтып, Сьерра-Леоне Президенті Джулиус Мааданың сәлемін жеткізді.

Әңгімелесу барысында екіжақты қатынастарды дамыту, түрлі саладағы ынтымақтастықты тереңдету мәселелері қарастырылды.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары