«Қадірін біліп жүрмін»: Қайрат Нұртас бесінші баласы туралы қатысты пікір білдірді

/
«Қадірін біліп жүрмін»: Қайрат Нұртас бесінші баласы туралы қатысты пікір білдірді
instagram

Танымал әнші Қайрат Нұртас Астанада өткізген кешінде балалары туралы айтты, деп хабарлайды turkystan.kz.

Әлеуметтік желіде тараған видеода өнер иесі бесінші сәбиіне қатысты пікір білдірді.

 «Ата-ананың қадірін балалы болғанда білесің дейді. Қазір балаларым бар, жақында бұйырса бесінші балам дүниеге келеді. Сондықтан кейінгі кездері ата-ананың қадірін қатты біліп жүрмін», - деді Қайрат Нұртас.

Еске сала кетсек, әншінің әйелі, актриса Жұлдыз Әбдікәрімова бірнеше апта бұрын бесінші баласын өмірге әкелген еді. Ал көпшілік Қайрат Нұртастың қасында болып, қолдау көрсетпегенін сынға алды. Сондай-ақ, олар енесі Гүлзира Айдарбекованың да құттықтамағанын айтып, пікір білдірді. Бұл жайт желіде қызу талқыға түскен болатын.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары